387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таяуда Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары қалпына келтіріледі

  • 639

Каспий қайраңындағы Қашаған кен алаңында мұнай өндіруді қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің Атырау облысына іссапары барысында мәлім болды. Естеріңізге сала кетейік, Қашағанда мұнай өндіру оны қалпына келтіру жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Жоба 2013 жылдың 11 қыркүйегінде іске қосылды. Алайда 24 қыркүйек күні жасанды аралдардан «Болашақ» зауытына өтетін құбырды жоспарлы тексеру кезінде ілеспе газдың ашық ауаға тарап кеткені анықталды. Осыған орай зақымдалған учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылған еді. Техникалық ақауды ретке келтіру үшін газ және мұнай құбырларын толығымен ауыстыру қажет болды. Жоба операторы NCOC компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэннің айтуынша, бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Қазір Солтүстік Каспий жобасының жүзеге асырылу барысы пысықталуда. 

Хабар 24 телеарнасы