386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық инвесторлар құрылысқа қыруар қаржы салуда

  • 1152

Шымкентте отандық инвесторлардың көмегімен ірі тұрғын үй кешені тұрғызылып жатыр.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында салынатын 5 үйде 495 пәтер бар. Үй ел игілігіне күзде берілмек. Онда негізінен жергілікті азаматтар еңбек етеді. Көпқабатты тұрғын үйдің ірге тасынан бастап шатырына дейін отандық өнім қолданылуда. Ал пәтерлердің іші заман талабына сай жабдықталады дейді мамандар. «Тұран» деп аталатын ықшам ауданда жалпы аумағы 98 мың шаршы метрден асатын осындай тағы 1 мың 112 пәтерлі үй салынбақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғындар арзан әрі сапалы баспанамен қамтылады. Сенімді серіктес қаржысын жергілікті жерге салады. «Бұл екі жаққа да тиімді», - дейді мега қаладағы құрылыстардың қарқынымен танысып жүрген Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман. Депутат өңірдегі сапары барысында құрылыспен қатар ауылдарды аралап жұртпен тілдеспек.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мега шаһардың үлкен жобаларын көріп жатырмыз. Мінекей, 500 пәтерлік үлкен тұрғын үй кешені - аурухананың құрылысы. Жаңа мектептің құрылыстарын көріп жатырмыз. Бұл анық, ашық бір нәрсені ғана көрсетіп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының үлкен потенциалы бар екенін көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы