384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәрім Мәсімов Құрық портының жұмысымен танысты

  • 723

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің өңірлерге жұмыс сапары Маңғыстау облысында жалғасты.

Елбасы тапсырмасына сәйкес Үкімет басшысы алдымен Құрық портының бүгінгі тынысымен танысты. Нысан жылына 4 млн тоннаға дейін мұнай, астық және өзге де жүктерді шетелге жөнелте алады. Былтыр көктемде басталған құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталады. Екінші кезекте іске қосылатын кешендерді салу келер жылға жоспарланған. Үкімет басшысы мұнан соң Ақтау теңіз айлағына барды. Солтүстік бағытта кеңейген соң порттың жылдық қуаты 2,5 млн тоннаға артқан. Жүзеге асырылуы үш кезеңге бөлінген жоба құны 38 млрд теңге. Терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр.

Асқар Мамин, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті:

- Биылғы жыл басында «Жібек жолын» жаңғырту аясында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары іске қосылды. Былтыр Қытайдан шыққан сынақ пойызы Ақтау порты арқылы Бакуге сәтті жеткізілген еді. 2020 жылға дейін контейнерлер санын 30 000 данаға жеткізуді көздеп отырмыз. Бүгінде Қазақстан үшін тиімді тарифтерді енгізуді қолға алдық.

Хабар 24 телеарнасы