389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қыдырып шыққан қытайлық 2 апта Германиядағы босқындар баспанасында түнеді

  • 623

Неміс тілін білместен Германияға саяхаттап барып, әмиянын жоғалтқан Қытай азаматы екі апта бойы Дюльмен қаласындағы босқындар лагерінде түнеп шықты.

Әуелде турист жергілікті полицияға тоналғанын айту үшін барған. Алайда оны босқын деп түсінген тәртіп сақшылары биліктен баспана сұрап өтініш жазатын қағазды толтыртып, шенген аймағына арналған визасы мен төлқұжатын алып қойған. Ол аздай тіркелмеген мигранттар тұратын баспанаға орналастырған. Тек Қытай азаматының босқын емес екенін Қызыл крест ұйымының қызметкері аңғарыпты. Сөйтіп аудармашының арқасында қытайлық жергілікті билікке өзінің турист екенін және Еуропаны аралауға шыққанын түсіндіреді. Тексеріс кезінде оның визасынан да қателік табылған. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін бас-аяғы 12 күн кетті.

Хабар 24 телеарнасы