384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» - «Металлургті» 5:2 есебімен жеңді

  • 789

Елордалық «Барыс» хоккей клубы новокузнецкілік «Металлургті» ұтты.

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы аясында өткен тартысты кездесудің қорытынды есебі 5:2. «Барыс» сапынан Брэндон Боченски, Кевин Даллмэн, Дмитрий Гренц, Владимир Маркелов және Александр Шин сынды хоккейшілер нәтижелі ойын көрсетті. Ал қонақтар екі голмен ғана жауап қайтара алды. Сөйтіп, астаналық команда 3 ұпай еншілеп, турнир барысында екінші жеңіске жетті. Енді «Барыс» 11 тамызда тағы бір ресейлік «Адмирал» командасымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы