389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді

  • 709

Биыл Атырау облысында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы кәсіпкерлер арасында белсенділік байқалады.

Үкіметтің шағын және орта бизнеске қолдауын жете сезінген жеке кәсіпкерлер облыс аумағында бұрын жүзеге асырылмаған тың жобаларға да ден қоя бастады. Әсіресе шалғай елді мекендердегі шағын және орта бизнес саласының өкілдері мемлекеттік қолдауды анық сезініп отыр. Соның арқасында жеке кәсіпкерлер де жаңа жобаларын жүзеге асыруға талпыныс жасауда. Мәселен, биыл жергілікті бюджеттен ауыл кәсіпкерлерін қолдауға 150 млн теңге бөлінген. Осыған дейін оның 110 млн теңгесі игерілді. Бұл қаржыға 17 жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның көпшілігі мұнайлы өлкеде алғаш қолға алынған тың жобалар.     

Диас Жәнібеков, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Жалпы көлемі 300 млн теңгені құрайтын 9 жоба қолдау тапты. Бұл жобалар арқылы отыздан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Оған қоса тағы 8 жаңа серпінді жоба қайтарусыз грант арқылы қолдауға ие болды. Осы жобалардың әрқайсысына 3 өтініштен келіп түскені бізді қуантып отыр. Өйткені бәсеке бар жерде іс нәтижесі бар. Өндірілетін өнім сапасы да жоғары болатындығына біз сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы