389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда бомба жарылып, 5 сарбаз көз жұмды

  • 613

Түркияда 5 сарбаз қаза тапты.

«Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары бронды техникамен өтіп бара жатқан әскерилердің жолында қолдан жасалған бомбаны жарған. 8 жауынгер жараланыпты. Шабуыл елдің оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясында жасалып отыр. Ал түрік әскері лаңкестік ұйымның 35 мүшесінің көзін жойды. Естеріңізге сала кетейік, «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырларымен қақтығыс былтыр шілдеде басталды. Содан бері 600-ден астам сарбаз бен полицей ажал құшты. Түркияның Бас штабы 5 мыңға жуық күрд экстремистерінің өлтірілгенін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы