376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақыны рәсімдеу жеңілдеді

  • 1016

Мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін бірқатар мекеменің табалдырығын тоздыруға тура келетін. Енді қағазбастылықпен қапылудың қажеті жоқ. Бар болғаны медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті, - дейді мамандар. Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберілетін болады. Ал олардың жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады. Нәтижесінде жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға 16 989 өтініш және республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға 17 590 өтініш қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы