385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда банк қызметкерлері жұмыстарынан қысқартылып жатыр

  • 801

Италияда 16 мың банк қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін.

Дағдарыстан елдің ірі банктері шығындарын азайтып, бөлімшелерін жабуға мәжбүр болған. Тек Unicredit банкінің өзі 6 мың адамды қысқартуды жоспарлап отыр. Негізінен Италия банктеріндегі мамандардың жас шамасы 45 пен 55 жас аралығында. Сондықтан оларға басқа жұмыс табу қиынға соғады. Жыл ішінде Италияда төрт жарым мың банк бөлімшелері жабылған. Бөлімше желісінің көптігі мен пайыздық үстемақының төмендеуі және қайтарылмаған несиелердің күн санап артуы, қаржы құрылымдарының жұмысына кедергі болды.

Джованни Фьори, LUISS университетінің профессоры:

- Италия банктері бұрынғыдай тиімсіз. Бұған себеп те жоқ емес. Біріншіден пайыздық үстемақы өте төмен. Сондықтан да банктердің одан пайда табуы екіталай. Менің ойымша табысты еселеудің екі жолы бар. Ол үшін банктер желісін азайтып, пайда түсетін қызмет түрлерін қарастыру керек. Сақтандыру, активтерді басқару және инвестициялық-банктік қызметті жандандыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы