389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жас жұбайлар неке сақинасын 180 метр биіктікте тақты

  • 968

Тойдың болғанынан боладысы қызық.

Өмір бойы қол ұстасып, кез келген қуаныш пен қайғыда бірге болуға келіскен қытайлық жас жұбайлар неке сақинасын тағу салтанатын жер бетінен 180 метр биіктікте жасады. Олар отбасылық өмірдегі алғашқы қорқынышты бірге жеңу үшін Хунань провинциясындағы екі таудың арасын жалғайтын шыны көпірге көтерілген. Сөйтіп махаббатқа мәңгілік адал болуға ант етті. Бұл әрекет биіктіктен қорқатын күйеу жігіт үшін үлкен сынақ болған. Бірақ қалыңдығы үшін күйеу жігіт қорқынышын жеңе білді.

Цзян Хуэйчжу, қалыңдық:

- Бүгін қытайлардың Әулие Валентин күні. Біз бұл күнді ерекше атап өтеміз, қиындық пен қуанышты сәттерді бірге бөлісуге уәде етеміз. 

Хабар 24 телеарнасы