383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиада ойындарын арнайы құқықтары бар арналар ғана көрсете алады

  • 749
Олимпиада ойындарын арнайы құқықтары бар арналар ғана көрсете алады фото: www.4htc.ru

Олимпиада ойындарын Қазақстанда тек арнайы құқықтары бар арналар ғана көрсете алады.

Бірақ қаладағы спорт барлар бұл тәртіпті елемей отыр. «Хабар» телеарнасының заңгерлері әділет департаментімен бірлесіп, өздерінің құқықтары қаншалықты сақталып отырғандығына көз жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізді. Авторлық құқықты бұзғандарға қандай жаза қарастырылған? Төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты оқиғасын тамашалап, бәс тігуге жұртшылық олимпқа жиылады. Рейд барысында кірген барлық бәс тігетін кеңселер Олимпиада ойындарын ресейлік арналардан көрсететіні анықталды. «Хабар» агенттігінің заңгері әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен анықталған жайт бойынша акт толтырды.

Гүлайым Махамбетжанова«Хабар Агенттігі» АҚ заңгері:

- Айырықша құқықтар иелері болып табылатын бұл арналар өздерінің құқықтарын заңмен тыйым салынбаған тәртіпте қорғауға құқылы. Бұл ретте біздің телеарналар Астана қаласының аумағында қазір өзінің құқықтарын қорғау мақсатында арнайы рейдтер жүргізіп жатыр.

Ережені елемегендер, заңды пысқырмағандарға жаза қатаң. Әділет департаменті мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында сындай шараларды жиі ұйымдастырып, жағдайды жіті бақылауларында ұстайтын болады.

Әсел Сыбағатова, қалалық әділет департаментінің қызметкері:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабына сәйкес, авторлық құқық бұзылған жағдайда, оған жол берген тұлғалар 100 АЕК бастап 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Заңға бағынбаса, бәс тігетін кеңселердің басына қара бұлт үйірілуі мүмкін. Ештен кеш жақсы. Риодағы жаһандық доданы отандық арнадан тамашалап, хабардар болайық.

Авторлары: Асқарбек Қазанғап, Қанат Әбілдин, Ерлан Наурызбаев.

Хабар 24 телеарнасы