383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда мекенжайды анықтайтын жаңа жүйе іске қосылды

  • 849

Британиялық What3words компаниясы мекенжай анықтамасын дәл тауып беретін жаңа жүйе ойлап тапты.

Қосымша Риодағы Олимпиада ойындарына келген қонақтардың бір-бірін оңай табуына жәрдем бермек. Себебі мұндағы әлеуметтік жағдайы төмен аудандарды көптеген анықтамалық қосымша жазық дала ретінде көрсетеді. Тіпті жергілікті 70 мың тұрғынның ресми түрде меншікті мекенжайы да жоқ. Дегенмен өнертапқыштар бұл мәселенің шешімін тапқан сыңайлы. Олар жер шарын 3 шаршы метрден тұратын 57 триллионға бөліп, олардың әрқайсысына 3 сөзден тұратын атау берген. Қосымшаны тек Бразилияда ғана емес, әлемнің барлық бөлігінде қолдануға болады. Қазірде жаңа жүйені моңғолиялық почта қызметі пайдалана бастаған.

Крис Шелдрик, What3words компаниясының негізін салушы:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша елдердің төрттен үшінде мекенжайды анықтайтын қосымшалары жөнді жұмыс істемейді. Мәселен Африка, Бразилия сынды елдің кейбір аудан, қалаларында мекенжай деген мүлдем жоқ. Сондықтан адамдар қайда тұратынын да түсіндіріп айта алмайды. 

Хабар 24 телеарнасы