383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Металлург» хоккейден Президент кубогын жеңіп алды

  • 625

Президент кубогы аясында хоккейден өткен 7 халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

8 тамыз күні басталған байрақты бәсекеде Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь және Литва сынды бес елдің спортшылары бақ сынасқан болатын. Бүгін бас жүлдені өзара сарапқа салған «Барыс» пен «Металлург» жеңіске жету жолында барын салды. Қарсыластар мұз айдыны иелерінің қақпасынан саңлау табуға тырысқанымен, екінші кезеңде Кевин Далмен «Металлургтерден» айласын асырып алғашқылардың бірі болып есеп ашты. Алайда көп ұзамай ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестіріп, кездесудің көрігін қыздыра түсті. Негізгі уақыт аяқталса да нәтиже өзгермегендіктен қос тарап булитте өзара кім мықтына анықтады. «Барыс» қақпашысы Колесников қанша тырысып баққанымен «Металлургтің» мерген хоккейшілеріне төтеп беру мүмкін болмады. Нәтижесінде «Барыс» 1:2 есебімен ұтылып, биылғы ел Президентінің Кубогы қонақтарға бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы