389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг елге оралды

  • 1954

Рио Олимпиадасында жүлде алған тағы бірқатар спортшы Алматыға оралды.

Қала әуежайына қонған алып лайнер кешенді сында күміс медаль алған Елдос Сметов пен қола жүлдегер Галбадрах Отгонцэцэгті елге жеткізді. Отыз бірінші жазғы ойындардың алғашқы күндерінде ел құрметіне бөленген Елдос пен Отгонцэцэгті жұрт ерекше ықыласпен қарсы алды. Ел ілтипатына бөленген Сметов жанкүйерлер құшағында ағынан жарылды. Ел намысы, Мемлекет абыройы үшін аянып қалмадым. Шама келгенше күрестім,- деді күміс жүлдегер.

Елдос Сметов, Олимпиада ойындарының жүлдегері:

- Өте қуанышты көңіл-күйдемін. Бұл жеңісімізді Қазақстан елінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, енді елімізде егемендік орнатып жатқан, Қазақстан еліне, Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлына арнаймын.

Ермек Имамбеков, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Біз сөзімізде тұрдық. Бір күміс, бір қола медаль алдық. Рас, бас жүлдеден де үмітті едік. Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер. Қолдағандарыңызға рахмет.

Хабар 24 телеарнасы