386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай атлеті Олимпиада ойындары кезінде сүйіктісіне тұрмыс құру туралы ұсыныс жасады

  • 1148
Қытай атлеті Олимпиада ойындары кезінде сүйіктісіне тұрмыс құру туралы ұсыныс жасады https://twitter.com/Rio2016/status/764945159993851907?ref_src=twsrc%5Etfw

Рио-де-Жанейрода суға секіруден күміс медаль ұтқан қытайлық Хэ Цзы атты спортшы қыз сол жерде тағы бір қуанышты сәтке бөленді.

Олимпиадаға қатысып, осы спорт түрінен ерлер арасында қола медальді иеленген Цинь Кай атты спортшы сайыс өткен жердегі бассейн жиегінде тұрып, Хэ Цзыге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Олимпиада твиттері.

Цинь Кай келешек қалыңдығының алдында тізерлей кетіп, отбасын құру туралы ұсынысын айтқан кезде олардың екеуі де көз жастарына ерік берді. Ал қыз ұсынысқа «иә» деп, жауап қайтарған кезде стадиондағы жұрт қошемет көрсетті.  

Жалпы Цинь Кай мен Хэ Цзы - 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы кезінде чемпион атанып, сол сәттен танымал болған спортшылар.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы