389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Бразилияда өтіп жатқан дүбірлі додада зілтемірші Александр Зайчиков бақ сынайды

  • 1042

Бүгін Бразилияда өтіп жатқан дүбірлі додада зілтемірші Александр Зайчиков бақ сынайды.

Қазақ елі 105 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсетін зілтеміршіні жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеді. Александрдың анасы мен алғашқы жаттықтырушылары сындарлы сәтте Сыр толағайын қолдау үшін мұхит асып, Риоға барды. Ауыр атлеттер аламанын тамашалауға сырбойылықтар таңғы сағат 4.00-де мұз айдынына жиналады. Жалпы 8 жасында жаттығу залына келген Александр Зайчиков мектеп қабырғасында жүріп-ақ спорт шебері атанған. 17 жасында халықаралық спорт шеберлігін қорғады. Одан кейін жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанды. Сыр толағайына бүгінде көптеген жас еліктейді, үлгі алады. Әсіресе оның жұлқа көтерудегі техникалық әлеуеті таңдай қақтырады. Александр тынбай 10 жыл бойы тер төккен олимпиадалық даярлау мектебінің залына жиналған жас зілтеміршілер Сыр толағайының сенім үдесінен шығатынына сенеді.

Икрам Жылқайдаровжас зілтемірші:

- Александр Зайчиков осы залда барлығымыз жаттығу істедік. Сол кезде мен жаттығуда қателік кеткенде ол маған қателіктерімді айтып түзетеді. Осы Олимпиадада бүгінгі болатын жарыста Сашаның біз алтын алады деп үміттенеміз.

Нұржан Смаханов, Ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы:

- Ол тәжірибе жинаған бала. Бірінші Олимпиадасы емес, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысты және де Әлем, Азия чемпионаттарын көрген бала. Тәжірибесі бар. Бірінші-екінші орын алады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы