389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрмахан Тінәлиев Рио Олимпиадасындағы жарысын аяқтады

  • 1070
Нұрмахан Тінәлиев Рио Олимпиадасындағы жарысын аяқтады egemen.kz

Классиктеріміздің жолы болмай тұр.

Бүкіл ел үміт артқан негізгі палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев алғашқы айналымда-ақ жарыстан шығып алды. Олимпиаданың кезекті жарыс күні грек-рим күресінің шеберлері өзара мықтыны анықтаған. 130 келіге дейінгілер арасында қазақстандық Нұрмахан Тіналиев бірінші кездесуінде германиялық Эдуард Поппқа жол берді. Осылайша 28 жастағы жерлесіміз үшін Рио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды.

Айта кеткен жөн, осының алдында 59 келіге дейінгілер арасында Алмат Кебіспаев пен 75 келіге дейінгілер арасында Досжан Кәртіков та бозкілемдегі бәскелерін осы іріктеу сындарында тоқтатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы