389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күн сәулесінен қуат алатын қолшатыр жасап шығарылды

  • 762

Қолшатыр тек жауын мен күннен ғана қорғамайды.

Қажет кезінде ұялы телефоныңыздың қуатын арттырып, ыстықта желдеткіш қызметін атқарады. Сауд Арабиясы мен палестиналық өнертапқыштар бірлесіп күн сәулесінен қуат жинайтын осындай қолшатыр ойлап тапты. Бір оқпен екі қоянды атып түсіруді қалағандар аптап ыстықта қолынан қолшатыр тастамайтын тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздеген. 

Камель Бадави, өнертапқыш:

- Әдетте қолшатырды күннен қорғану үшін қолданады. Ойлана келе біз оған күн сәулесінен қуат жинайтын құрылғы қойып, желдеткіш қосуды ойладық. Сондай-ақ аккумуляторға GPS-ті қосып, қайда тұрғаныңды да анықтауға болады. Бұл Египетке құлшылық етуге келген адамдардың бір-бірін оңай табуына көмек береді.

Хабар 24 телеарнасы