384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда балаларды сатқан әйел өлім жазасына кесілді

  • 687
Қытайда балаларды сатқан әйел өлім жазасына кесілді www.katolik.ru

Қытайда балалар саудасымен айналысқаны үшін сотталған әйел өлім жазасына кесілді.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Хуан Цинхэн балаларды сатумен айналысатын халықаралық қылмыстық топтың мүшесі болған. Қылмыскерлер сәбилерді жасырын түрде Вьетнамнан алып келіп жүрген, кейде олар кейіннен балаларын алып қою үшін аяғы ауыр әйелдерді де тасымалдаған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері туғанына 10 күн болған және 7 айлық 11 бүлдіршінді құтқарды. Олардың 10-ы Вьетнамға қайтарылды. Ал қылмыстық топтың қалған 20-дан астам мүшесі сот алдында жауап беріп, олардың біразына өмірінің соңына дейін түрмеде өткізу туралы үкім шығарылды. 

Хабар 24 телеарнасы