375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қыркүйек айында марафон өтеді

  • 1017

4 қыркүйекте Астанада марафон өтеді.

Қатысушылар 4 санат бойынша, яғни 42, 21 және 10 шақырым қашықтықта жүгіре алады. Эстафеталық жарыс та ұйымдастырылады. Шара ақылы негізде. Жарыстың түріне қарай 3-7 мың теңге аралығында төлеу қажет. Одан түскен қаражат қайырымдылық қорларына тапсырылады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар елді мекендерде де жүгіруден жарыстар өткізіп, ел ішіндегі епті жастарды тауып тәрбиелеуге күш салмақ. Марафон күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Орынбор, Республика, Тұран және Сейфуллин көшелері уақытша жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады. Шараға 5 мыңдай адам қатысады деп жоспарланған.

Гаухар Брамлей-Фентон«Астана марафон-2016» ұйымдастырушысы:

- Біз марафоннан түскен қаражатты қайырымдылық қорларына жұмсап қана қоймай, өзіміздің жеке жобамызды іске қосамыз. Мен мүмкіндігінше Қазақстанның әр түкпіріне барып, ауылдық жерлердегі жастар үшін 5 шақырым қашықтықта тегін марафон өткіземін. Себебі Астанаға келіп жүгіріске қатысуға көбінің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан мен оларға бұл мүмкіндікті беруім қажет. Бәлкім, осы шаралардың нәтижесінде марафоннан болашақ әлем чемпионын тауып қалармыз.

Хабар 24 телеарнасы