377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен кездесті

  • 2076

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Басқосу барысында екіжақты ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді. G20 саммитіне дайындық, ТМД елдері басшыларының кеңесі мен Қазақстан-Ресей өңіраралық бірлестік форумының жайы да талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде екі мемлекет арасындағы байланыстың саяси және экономикалық тұрғыдан да өзге елдерге үлгі екенін атап өтті. Бүгінге дейін екі елдің арасында 6 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын ашылған. Владимир Путин Қазақстан Президентіне ресей-түрік қарым-қатынасын жақсартуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын жеткізді. Тек бірлік бар жерде тірлік болатынын тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы