380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей авиациясы алғаш рет Иран аэродромын қолданды

  • 708

Сириядағы әскери операцияға қатысып жүрген Ресей авиациясы алғаш рет Иран аэродромын қолданды.

Ислам Республикасынан ұшып шыққан бомбалаушы ұшақтар Алеппо провинциясындағы содырлар бекінген орындарды әуеден соққылаған. Салдарынан 5 қару-жарақ қоймасы, экстремистерді дайындайтын лагерьлер мен 3 басқару бекеті күл-талқан етілді. Сондай-ақ бірнеше лаңкестің де көзі жойылған. Әскери операция аяқталғаннан кейін ұшақтар Ирандағы «Хамадан» аэродромына қайтып оралды.

Хабар 24 телеарнасы