389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко жүлдеге жақындады

  • 1325
Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко жүлдеге жақындады фото: sk-sport.kz

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының ақтық сынына жолдама алды.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да кем дегенде қола медальға жақындады.Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына жолдама алды. 81 келі салмақта сынға түсетін Маңғыстаулық боксшы төрт жыл бұрынғы Лондон олимпиадасындағы жетістігін қайталады. Жартылай финалда Британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістірген Ниязымбетов қарсыласынан ұпай санымен басым түсті. Әділбек бұл жекпе-жекті тактикалық тұрғыда өте сауатты өткізіп, бапкерлер тапсырмасын тиянақты орындады. Бірден ара қашықтықты ұстап, британиялық боксшыны қарсы соққымен тұқыртып алды. Буатсидің жұдырығы көбінесе ауа қармады. Айта кеткен жөн, олимпиада алдында біздің құрама Ирландияда британиялық боксшылармен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізген еді. Сол кезде Джошуаны әбден танып-білдім,- дейді Әділбек.

Әділбек Ниязымбетов, боксшы:

- Осы Олимпиада ойындарының алдында әдейі балалармен спарринг өткізіп жаттыққанбыз. Сол кездегі көрген қарсыластарым, енді міне жартылай финалда кездесіп тұр. Кубалық боксшы сол баяғы бір тактикасы бар. Енді оны алдау керек, шапшаң қимылдау керек.

Мырзағали Айтжанов, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Буатси Джошуа өте мықты боксшы. Алдында біраз қарсыластарын керек болса, өзбекстандық Расуловтың өзін үш рет накдаунға жіберді. Ал онымен біз біріккен жаттығуда кездескенбіз. Спарринг ойнағанбыз. Сол кезде осал тұсын көріп алғанбыз. Сол себепті біз Әділбеккетек аяқпен қимылдап, ауаны қарматып, күшін кетіруді тапсырдық. Тапсырманы толық орындап шықты.

Әділбек Ниязымбетов финалда әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Кубалық Хулио Ла Крузбен олимпиада алтынын сарапқа салады. Төрт жыл бұрынғы жетістігін қайталаған боксшының бірі - Иван Дычко. Аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері ширек финалда Нигериялық алыптың осал тұсын тапты. Үш төреші де Қазақстандық боксшының жеңісіне күмән келтірмеді. Иван Дычко жартылай финалда британиялық Жое Джойспен шаршы алаңға шығады.

Иван Дычко, боксшы:

- Жекпе-жек толықтай көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Бірінші раундта ұпай жинау керек болды. Ал қарсыласымның соққылары да ауыр. Өзі осал боксшы емес. Ал жартылай финалда одан да шебер боксшыға қарсы шығамын.

Рио Олимпиадасында Қазақстанның төрт боксшысы жүлдегерлер қатарында. Кеше Левит күміс медальға иелік етсе, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко да жүлдеге жақындады. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов шығады. 69 келі салмақтағы жерлесіміз олимпиада алтынын өзбек Шахрам Гиясовпен сарапқа салады.

Авторлары: Қанат Базылхан, Ерсін Мұханбеталин.

ВИДЕО:http://khabar.kz/olympics/kz/news/item/61693-dilbek-niyazymbetov-pen-ivan-dychko-zh-ldege-zha-yndady

Хабар 24 телеарнасы