389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Василий Левит Олимпиада алтыны үшін берілетін ақшалай сыйақы алады

  • 1103
Василий Левит Олимпиада алтыны үшін берілетін ақшалай сыйақы алады фото: chto-proishodit.ru

Олимпиада «алтынына» қолы жетпеген Василий Левит чемпионға лайық сыйақы алады.

Қазақстан бокс федерациясы осындай шешім қабылдады. Яғни күміс жүлдегерге мемлекет 150 мың АҚШ долларын берсе, федерация өз тарапынан тағы 100 мыңын қоспақ. Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Василий Левитке енді елде осындай құрмет көрсетіледі. Бұған қоса, арты үлкен дауға ұласқан жекпе-жек жайында тағы бірқатар шаралар қолға алынады. Алайда олар жайында толығырақ федерацияның баспасөз қызметі кейінірек айтамыз дейді. Еске сала кетейік, бокстан 91 келіге дейінгілер арасындағы Олимпиада финалында қазақстандық Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен кездесті. Содан бері халықаралық бокс қауымдастығының атына және төрелік еткен қазыларға бағытталған сын толастар емес. Мысалы, WBC және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Серхи Мартинес твиттердегі парақшасында: «Менің түсінігімде 91 келілік салмақта Қазақстан боксшысы жеңіске жетті»- деп жазды. Ресейлік промоутер Владимир Хрюнов - Левит тек қана алтын медальға емес, Баркер кубогына лайық еді деп бір-ақ кесті. Спорт шолушысы Энди Кларк өз твиттерінде, «Осымен екінші рет Тищенкоға алтын медаль сыйға тартылды. Әлем біріншілігінде Савон сабап еді, енді Левит басым болды. Таң қаламыз»- деген. Ел ішіндегі әлеуметтік желілер де осы тектес мазмұндағы жазбаға толы.

Хабар 24 телеарнасы