378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі көппәтерлі үйлердің бірінде арнайы операция жүргізіліп жатыр

  • 818

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербордың Киров ауданындағы көппәтерлі үйде арнайы операция жүргізіп жатыр.

Арнайы жасақ Солтүстік Кавказда әрекет еткен заңсыз қарулы топтардың мүшелерін ұстауға күш салуда. Бұл туралы Санкт-Петербор мен Ленинград облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызмет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осының алдында куәгерлер ғимаратта жарылыстар болғанын жазған.

Хабар 24 телеарнасы