384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия азаматы фестиваль кезінде террорлық әрекет жасамақ болған

  • 743

Германияда террорлық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Айзенхюттенштатдта өтетін фестивальдеішіне шеге толтырылған жарылғышты іске қоспақ болған. Польшамен шекаралас бұл шағын қалашықта жыл сайын мереке өтеді. Көңілді әуен естіп, сергіп қайту үшін мыңдаған турист ағылады. Осы сәтті пайдаланбақшы болған күдіктінің ойы іске аспады. Бұл 27 жастағы Германия азаматы болып шықты. Теріс ықпалды діни жолда жүрген ол арнайы қызметтің бақылауында болған. Оның пәтеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Күдікті азаматтың үйінен жарылғыш заттармен қоса ТГИЛ жасағын насихаттайтын кітаптар табылған. Бірақ әзірге бұл ақпаратты полиция растаған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы