383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлік және коммуникация саласына бөлінген 19 млрд теңге тиімсіз жұмсалды

  • 863

19 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған.

Есеп комитеті қазынадан көлік және коммуникацияларды дамытуға бөлінген қаражатқа аудит жүргізу кезінде осындай олқылықтың бетін ашты. Комитет мүшесі Александр Горяиновтің айтуынша, бюджеттік және өзге де бағдарламаларды орындамау салдарынан шамамен 28 миллиард теңгенің бұзушылықтары анықталды. Мәселен, 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында Шүлбі шлюзінің қорғаныс ғимаратын салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жоба былтыр аяқталуы тиіс болған. Алайда әлі күнге дейін іске қосылмады. Қазір тиісті жұмыстың шамамен 80 пайызы ғана орындалған.

Александр Горяинов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:

- 2014-2015 жылдары нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатының 214 млн теңгесі игерілмеді. Биыл да көктем мезгіліндегі табиғи апат салдарынан қазына қаржысының тағы 158 млн теңгесі игерілмей қалады деген қауіп бар.

Берік Қамалиев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Иә, табиғи апат кезінде судың деңгейі шамадан тыс көтерілгендіктен, құрылыс-монтаждау жұмыстары дер кезінде жүргізілмеді. Дегенмен, біз бұл нысанды тапсыру үшін барлық шараларды қолға аламыз. Бізге айтылған ескертпелер ескеріліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы