384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Ел рухы» фестивалі басталды

  • 750

Бүгін елордада «Спорт бейбітшілік пен келісім үшін» деген ұранмен «Ел рухы» жазғы Олимпиада фестивалінің ашылуы өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға елдің түкпір-түкпірінен спортшылар жиылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фестивальдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, Риодағы Қазақстан құрамасын қолдау. 2 күнге жалғасатын додада қатысушылар 7 спорт түрінен бақ сынайды. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол, армрестлинг пен таэквандода кіл жүйрікте кім мықты екені анықталады. Бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі, түрлі этномәдени бірлестік өкілдері осы фестивальдің ортасынан табылады.

Ардақ Отарбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Барлық халықтардың өкілдері спорт арқылы өздерінің бірліктігін білдіреді. Біздің елімізде биік тұғырда көрінеді. Бірігудің арқасында қазір спортшыларымыз Риода жақсы көрсеткіштерге жетіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы