386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қола медаль иегері Эльмира Сыздықованы Қарағандылық жерлестері асыға күтіп отыр

  • 752

Қарағандылықтардың қуанышында шек жоқ.

Өйткені жерлестері Эльмира Сыздықова ел қоржынына 12-ші медальді салды. Осыған дейін әлемдік және халықаралық додаларда биіктен көрініп жүрген балуан қыз Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Енді Эльмираны жерлестері мен ұстаздары асыға күтеді. Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спорт-интернатының ұстаздар ұжымы үшін бүгінгі күн ерекше болды. Барлықтары түлектерінің жеңісіне марқайып, қуаныштары қойындарына сыймай жатыр. 2005 жылы осы спорт-интернатына оқуға қабылданған қаршадай қыздан ұстаздары үлкен үміт күткен екен. Сол кездің өзінде-ақ Эльмира ерекше күресімен көзге түсіпті.

Ерден Халилин, Ә.Молдағұлова атындағы спорт-интернат мектебінің директоры:

- Қуанышымыз бүгінгі Қазақстанға қола медаль әкелген Эльмира қарындасымыз осы спорт мектебінде білім алып, спорттық жетістікке жеткен, спорт-интернатында оқығанда өзін өте жақсы жағынан көрсетті Эльмира. Спорттағы жетістіктері соның дәлелі.

Бұл спорт-интернатын олимпиада чемпиондарын тәрбиелейтін бірегей орталық деп атауға болады. Мұнда Серік Сәпиев, Серік Елеуов, Дмитрий Карпов сынды елімізді әлемге танытқан чемпиондар тәлім алған. Ал Эльмираны бұнда 14 жасында туған ағасы Райымбек қолынан жетектеп әкелген екен. Бүгін Райымбек Сыздықовтың да көңіл күйі тамаша.

Райымбек Сыздықов, Эльмира Сыздықованың ағасы:

- Біріншіден ол генетикағада байланысты деп ойлаймын.Өйткені Эльмираның әкесі де спортшы, отбасымыз үлкен, басында туыстарым телефон шалып, қыз баланы күреске берген дұрыс емес шығар деген әңгімелерде болды, дегенмен қазір біздің елге олимпиададан қола медаль алып келгені үлкен абырой деп санаймын.

Әйелдер арасындағы еркін күрестен Эльмираның аты сонау 2006 жылдардан таныла бастады. 2016 жылға дейін бірнеше дүркін Азия чемпионы атанды. Биылғы Олимпиадада Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуіндересейлік Наталья Воробьевадан 4:1 есебімен жеңілгенімен, жұбаныш белдесу арқылы қола медальға қол жеткізді. Осылайша, Қарағандылық ару Рио төрінде қазақтың абыройын тағы да бір рет асырды.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин.

Хабар 24 телеарнасы