378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда қылмыскерге тапанша сатқан сатушы ұсталды

  • 1000

Германияда мюнхендік «атқышқа» тапанша сатқан сатушы қолға түсті.

Естеріңізде болса, қылмыскер 9 адамның өмірін қиып, 27 бейтіп тұрғынды жаралаған еді. Марбург қаласының 31 жастағы тұрғыны ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Алайда кейін анықталғандай, ол Даркнет анонимдік желісінде заңсыз әскери қару сатумен айналысқан. Қазір ол өз кінәсін мойындады. Сатушының ізіне түсу үшін арнайы қызмет өкілдері анонимдік сайтқа кіріп, қару сатып алғысы келетін тұтынушы ретінде таныстырған. Ал Майндағы Франкфурттың бас прокуратурасы саудагерді айыпты деп тапты. Енді ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Александр Бадле, аға прокурор:

- Бұл жай кездейсоқтық емес. Бұл біздің қажырлы жұмысымыздың жемісі. Біз Даркнет желісінде ұзақ уақыт отырып, бірізді жұмыс істедік. Тергеу кезінде күдікті қылмыскерге Глок-17 тапаншасы мен 350 патрон сатқанын мойындады. Сондай-ақ оларды қылмыскерге қашан және қай жерде бергенін де айтты. Қаруды ол 4350 еуроға сатыпты.

Хабар 24 телеарнасы