386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда «Дяньму» тайфунынан 560 мың адам зардап шекті

  • 777

Қытайда «Дяньму» тайфуны әлек салуда.

Дүлей дауылдан қазірдің өзінде 560 мың адам зардап шеккен. Бір ғана Хайнань провинциясында 2 күннің ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті. Осыған байланысты 80 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшіріліп, 25 мың балық аулайтын кеме айлақтарға қайтуға мәжбүр болған. Билік қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін енгізді. Теміржол және әуе қатынасы тоқтатылған. Ал Гуандун провинциясында 370 мың адам үйлерін тастап, өзге өңірлерге қоныс аударылды. Табиғи апаттар салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Синоптиктер ауа райы келесі аптаның басында жақсарады деп болжам айтуда.

Жергілікті тұрғын:

- Түн ортасында сағат 3:00 пен 4:00 шамасында жаңбыр құя бастады. Таңертең ұйқыдан тұра салып, сыртқа қарадым. Су деңгейі 30 сантиметрге жетіпті.

Хабар 24 телеарнасы