378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды

  • 1027

Мәскеудің тарихи орталығында қазақстандық пейзаждарды тамашалауға болады.

Онда қазір «Қазақстан Ұлы дала елі» атты фотокөрме өтіп жатыр. Никольский көшесіндегі көріністі «National Geographic Россия» журналы мен елдегі біздің елшілік бірігіп ұйымдастырды. Көрме «National Geographic Казахстан» қазақтілді басылымының ашылуына орай өтті. Фотограф Андрей Каменев ел аумағындағы 5 мың шақырым жерді аралап, 60-тан астам керемет фототуынды жасаған. Ол каньондар мен даланы, таулар мен көлдерді түсірген. Суреттердің арасында ЕХРО-2017 мен Қысқы универсиада ойындарына арналғандары да бар.

Илья Минский, Nat-geo.ru сайтының бас редакторы:

Қазақстанды жергілікті жастарға көрсеткіміз келді. Өйткені олардың көбі Қазақстанды тек жазық даламен ғана байланыстырады. Сондықтан фотограф ел табиғатын түрлі қырынан түсіріп әкелді.

Мәскеу тұрғындары фотокөрмеге үлкен қызығушылықпен келді. Шара тамыздың 24-іне дейін жалғасады. Содан кейін Қазақстанның бұқараға белгісіз жерлері туралы ауқымды материал National Geographic журналының алдағы басылымында шығарылады.

Алина Скороход, актриса:

- Көрме керемет өтіп жатыр. Мен ешқашан Қазақстанда болған жоқпын. Мына суреттерде бейнеленген пейзаждар қызықтырып тұр. Фотограф бізге табиғаттың әдемі көрінісін жеткізе алды. ЕХРО-2017 көрмесі туралы білдім. Енді осы шараға қатысқым келіп тұр.

Александр Лебедев, кинопродюсер:

- Көрме өте тамаша. Фотолардың сапасы жоғары. Қазақстанның жаңа астанасы мен Алматының қалай өзгергенін көру бізге қызық болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы