376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда «Дианму» дауылынан 7 адам ажал құшты

  • 798

Вьетнамның солтүстігінде ойран салған «Дианму» даулынан 7 адам ажал құшты.

Тағы 2 тұрғын іс-түзсіз жоғалып кеткен. Толассыз жауған нөсердің арты селге ұласып, 44 үй қирап қалған. Жергілікті арналар 1 жарым мың үйдің су ортасында қалғанын хабарлайды. Қазір 2 мыңнан астам отбасы қауіпсіз аймаққа көшу үшін жәрдем күтіп отыр. Дауылдан аймақтағы 14 көпір мен бірнеше бөгеттер қираған. Топан су егістік алқаптарды да шайып кетіпті.

Хабар 24 телеарнасы