386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада әлеуметтік нысандардың 90%-ы жылыту маусымына дайын

  • 600
Астанада әлеуметтік нысандардың 90%-ы жылыту маусымына дайын фото: astana.gov.kz

Бүгін Астанада 2455 әлеуметтік нысанның 2335-і немесе 90,5%-ы жылыту маусымына дайын.

Бүгін Астанада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған 2455 әлеуметтік нысанның 2335-і немесе 90,5%-ы жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, 2146 тұрғын үй, 28 денсаулық сақтау, 152 білім нысаны және 9 мәдениет мекемесі.

Астана қаласы энергетика басқармасының хабарлауынша, 2016–2017 жж. жылыту маусымы басталғанша энергокешен толықтай дайындық төлқұжатын алады, ал басқа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер 100% дайын болады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық пен энергокешенді техникалық ақаусыз жағдайда сақтау аясында «Астанаэнергосервис» АҚ күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алды.

«Астана-Энерго» АҚ басты және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде ЖЭО-1 - 85%, ЖЭО-2 – 73%, ал аудандық қазандықтар 88% дайын.

«Астана-Теплотранзит» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,15 км магистральді желі қайта жөнделді. Қазіргі кезде ұзындығы 1,432 км тарату желісін күрделі жөндеу және 3698 шаршы метрлік құбырдың жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді.

Сонымен қатар «Астана-РЭК» АҚ-да 110 кВ-тық әуе желісін күрделі жөндеу, 10 кВ-тық және 0,4 кВ-тық әуе желілері мен жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы