388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» телеарнасы Рио Олимпиадасынан 240 сағат тікелей эфир берді

  • 972
«Хабар» телеарнасы Рио Олимпиадасынан 240 сағат тікелей эфир берді

Рио Олимпиадасын ерекшелеген жаңалықтар.

«Болғанынан боладысы қызық» дегендей сайыс басталмай тұрып жанжал да шықты. Әсіресе, Қазақстан үшін бокста төрелік еткен судьялардың әділетсіздігі ешқашан естен кетпестей болды. Ал өзге елдердің бүтін бір федерациялары Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Әрине, мұның барлығынан даулы мәселе болған соң құрметті көрермен, сіз бен біз хабардармыз. Ал тартыс алаңдарының сыртында нендей жағдай болғанын екінің бірі біле бермейді. «Хабар» телеарнасы Рио Олимпиадасынан 240 сағат тікелей эфир берді. Бұл осыдан 4 жыл бұрын Лондонда өткен тартыстан 2 есе көп көрсетілген спорт сайысы болды. Олимпиаданы тамашалауға әрі жанкүйер болуға келген отандастарымыздың саны аса көп болмаса да біздің тілеуімізді тілегендер жетерлік. 78 жастағы Тауфик Әбубәкіров олимпиада ойындарын көруге алғаш келуі. Ұзақ жол жүрем, қартайдым деген ой келмепті қарт кісіге.

Тауфик Әбубәкіров, жанкүйер:

- Мұнда алысқан, тартысқан спортшыларды көресің. Теледидардан көргендей емес. Бәрі шынайы. Күні бойы жанкүйер болып айғайлап отырамын, кешкісін тамағымыз ауырып, даусымыз қарлығып, шықпай қалады.

Шет жерде қиындыққа тап болған отандастарымыз да болды. Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржановтың айтуынша, бірнеше адамды тонап кеткен. Олимпиада құрамасының жаттықтырушыларының бірін көлік қаққан.

Кайрат Саржанов, Бразилия Федеративті Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі:

- Жарақат алған адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Тегін операция жасалды. Шынтақ буыны қалпына келтірілгеннен кейін, жалпы операциядан үш күн өткеннен кейін Қазақстанға қайтардық.

Рио-де-Жанейроға барған отандық журналистердің қарасы да көп болды. Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстаннан барған тілшілерге арнайы баспасөз орталығын ашты. Дегенмен, түсірілім тобы көп уақыты осы ресми баспасөз орталығында өткізді. Мұнда тіпті спортшылардың өзі сәтті шыққан суреттерін алуға да келіп  жатты.

Авторлары: Асхат Ниязов, Марат Тоқмағамбет, Қанат Базылханов, Ерсін Мұханбеталин, Мейрамбек Ахмаханов, Фариза Шәмші.

Хабар 24 телеарнасы