387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда шекарашылар флоты отандық кемемен толықты

  • 977

Шекарашылар флоты жаңа су көлігімен толықты.

Өткен сенбі күні Ақтау теңіз портында «Сарбаз» зымыранды-артиллериялық кемесінің жалауы салтанатты түрде көтерілді. Минутына мың оқ атып, бес шақырым қашықтықтағы нысананы талқандай алатын техника су астында соғысуға да қауқарлы. «Сарбаздың» командирі Рустам Исмалов үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Еліміз бойынша әзірге баламасы жоқ кеме тізгінін ұстаудың жауапкершілігі мол екенін жақсы түсінеді. Шекара күзетінде қолданылатын 30-дан астам кеме мен катерлердің ішінде шоқтығы биік техника отандық зауытта құрастырылған.

Рустам Исмаилов, «Сарбаз» кемесінің командирі:

- Кеме зауыт сынақтарынан сәтті өтті. Міне бүгін шекара флотының туын көтеріп, қатарға қосылдық. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін кез келген қатерден күндіз-түні қорғауға дайынбыз.

«Сарбаз» - қазақстандық әскери флоттағы дыбыстық акустика стансасымен жабдықталған алғашқы кеме. Енді теңіз шекарашылары су астынан келер қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Теңіз түбіне түсірілетін мына құралдың көмегімен мамандар кез келген нысананың орналасқан жерін дәл анықтайды. Кеменің басқару бөліміндегі арнайы экраннан күдікті нысанның анық бейнесін көруге болады.

Қадыржан Мұқанов, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті аймақтық басқармасының басшысы:

«Жағалау» күзетінің жеке құрамы жыл сайын жаңа кемемен толығуда. Шекарашылар мемлекет тыныштығын қорғауға тас-түйін әзір. Аталған кеменің су астында соғысуға қауқарлы болуына баса мән берілді. Қосымша күш жеткенге дейін он күн бойы өз бетімен жауға қалқан бола алады.

Салмағы 250 тонна болатын зымыранды-артеллериялық кеме сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүреді. Заманауи техника минутына 300 оқ атып, екі шақырым қашықтықтағы жауды талқандайтын, автоматты түрде басқарылатын құрылғымен және түнде көру жүйесімен жабдықталған. Демек, тәуліктің қай мезгілінде болмасын, теңізден келер қауіптің бетін қаймықпай қайтаруға қауқарлы.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Дүсәлиев. 

Хабар 24 телеарнасы