388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰҚК Қазақстан аумағында жоспарланған террористік актілер сериясының алдын алды

  • 542
ҰҚК Қазақстан аумағында жоспарланған террористік актілер сериясының алдын алды

2016 жылғы 18 тамызда Алматы облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды.

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары бейтараптандырылды. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды ұйғарған.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы