386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 18 адам суға кеткен

  • 706
Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 18 адам суға кеткен ngs24.ru

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері, Жезқазған қаласының ТЖ басқармасы, Ішкі істер бөлімі мен Жедел құтқару жасағы бірлесе отырып Кеңгір су қоймасына рейд жүргізді.

Кеңгір су қоймасының жағалауында 4 демалыс орны мен 1 арнайы жағажай және 1 балаларды сауықтыру лагері бар.

Рейд жүргізу барысында демалушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері бойынша жаднамалар таратылды.

Суда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 18 адам батса, оның ішінде 10 бала болған. Құтқарушылардың уақтылы қабылдаған шараларының арқасында 26 адам құтқарылды.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 1074 акваторияға бақылау орнатып, 616 рейд өткізіліп, 6723 жаднама таратылды. 217 ескерту белгілері орнатылды. Су айдындарында балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балалаларға арналған арнайы 14 орын дайындалды, 318 балаға жүзу үйретілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖДМемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Хабар 24 телеарнасы