389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда граната жарылып, 8 жастағы бала көз жұмды

  • 676

Швецияның Гётеборг қаласында жарылған граната 8 жастағы баланың өмірін қиды.

Жарылғыш терезеден лақтырылған уақытта марқұм анасы, ағасы және әпкесімен бірге жатын бөлмеде болған. Олар жеңіл жарақат алған. Ал бала ауруханаға апара жатқанда жолда жан тапсырды. Ол Англиядан туысының үйіне қонаққа келген екен. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға қылмыстық топтардың арасындағы қақтығыспен байланысты болуы мүмкін. Осы мекенжайда өткен жылдың наурызында қарулы шабуыл жасағаны үшін сотталған 8 адамның біреуінің тіркелгені анықталды. Ол кезде қаскөйлер сыраханада жұртқа автоматпен оқ жаудырып, 2 адамды өлтірген еді. Жетеуі өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген.

Томас Фуксборг, полиция өкілі:

- Бұл сұмдық оқиға. Іште нақты кім бар екенін білмей тұрып, қалайша гранатаны лақтыра салуға болады. Таңым бар. Осы оқиғаға байланысты қандай да бір ақпаратқа ие тұрғындар хабарласады деп сенемін. Бұл мәлімет шабуыл жасағандарды қамауға алуға көмек беретіні сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы