383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда аула командалары арасында шахматтан қалалық спартакиада өтті

  • 643

Алматыда тұңғыш рет аула командалары арасында шахматтан қалалық спартакиада өтті.

Еліміздің мақтанышына айналған халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясында өткен шараға 14 пен 29 жас аралығындағы 40-тан аса шахматшы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйенің талабы бойынша өтті. «Кейінгі кезде шахматқа қызығушылықтың артқаны қуантады», - дейді шара қатысушыларына сәттілік тілеген Жансая.

Айта кеткен жөн, Жансая 1 қыркүйекте Бакуде өтетін Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына дайындық үстінде. Тығыз жаттығу кестесіне қарамастан, ол ойыншылармен кездесіп, жеңімпаздармен шахмат тақтасында бірге ойнады.

Совет Сейітов, қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры:

- Жаз кезінде балалар бәрі каникулда болған кезде апта сайын осындай турнир өткізіп жатырмыз. Бүгін тұңғыш рет шахмат түрнирин өткізіп жатырмыз. Енді осыны болашақта дәстүрлі турнир жасаймыз деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы