384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Америкада кәмелеттік жасқа толмаған 26 мың бала босып жүр

  • 605

Әр ай сайын Оңтүстік Америка елдерінен АҚШ-қа жетуді көздеген мыңдаған бала басын түрлі қатерге тігеді.

Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметіне сәйкес жыл басынан бері АҚШ пен Мексика шекарасында 26 мың жеткіншек ұсталды. Ал өткен жылы олардың саны 18500 болған. Барлығы кәмелеттік жасқа толмаған және ата-анасының немесе жауапты тұлғаның қарауынсыз шекара асуды көздеген. Қолға түскендердің дені – Сальвадор, Гватемала және Гондурас елдерінің балалары. Бұл елдер әлемде қылмыс пен жұмыссыздық мәселелері жөнінен алдыңғы қатарда.

Синтиа, 18 жастағы босқын:

- Барлығымыздың жанымыз ашып, жұмыла еңбек етсек, Гондурастағы жағдайдың өзгеретініне сенемін. Бірақ бізге бос сөзбен емес, шын мәнінде қол ұшын беріп, жол көрсететін бір адам керек.

Хабар 24 телеарнасы