387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бейбіт атомның әлеуеті артып келеді

  • 662

Енді радиоактивті изотоптар өнеркәсіптен бөлек медицина саласында да қолданыла бастайды.

Жақында зерттеу реакторын іске қосқан Ядролық физика институты онкологиялық ауруларды анықтап, емдеуді және радиоактивті фармацевтикалық дәрі-дәрмектер шығаруды жоспарлап отыр.

ТМД Зерттеу реакторлары коалициясының жыл сайынғы кеңесі Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Бұл атомды бейбіт мақсатта қолданатын елдердің жабық клубы іспеттес.

Қазақстанда радиоактивті изотоптар тек өнеркәсіптке, металлургия мен химия саласында кәдеге жарап келген. Енді тағы бір инновациялық бағыт ядролық медицинаға көңіл бөлінуде.

Саябек Сахиев, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының бас директоры:

- Радиоактивті дәрі-дәрмектер тек диагностикада ғана емес, емдеуде де қолданылады. Ол үшін әуелі білікті мамандар қажет. Ядролық физика институты ядролық медицина саласының көшбасында жүрері анық. Өйткені біз өзіміздің азаматтар үшін радиоактивті дәрі-дәрмектердің көп түрін жасаймыз.

Қазақстанда ядролық медицинамен қатар радионуклидті терапияны да енгізу жоспарланып отыр. Бұл онкологияда таптырмас ем. Осы жобаларды енгізу үшін 10-15 жыл уақыт қажет,- дейді мамандар.

Дэвид Сиэрс, МАГАТЭ қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі:

- Ядролық саладағы Қазақстанның орны ерекше. Жоғары байытылған уранмен жұмыс істейтін реакторды аз байытылған отынға ауыстыру өте маңызды. Қазақстанның ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабуы үлкен іс. Қазақстан аз байытылған отын банкін құруды жоспарлап отыр. Осы салада атқарылатын жұмыстарда Қазақстанның өз орны болады.

МАГАТЭ-ге мүше 33 ел Алматыдағы Ядролық физика институтындағы секілді зерттеу раекторын салуды жоспарлауда. Кейбірі тіпті құрылысты бастап та кеткен.

 Авторлары: Ұлан Нарынбек, Дінмұхаммед Қалиқұлов, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы