383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: босқындар саны күрт артуы мүмкін

  • 589

Ирактың Мосул қаласын тастап шығатын босқындар саны күрт артады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, шаһарды лаңкестерден азат ету кезінде 1 миллионнан астам адам зардап шегуі мүмкін. Халықаралық қоғамдастық өкілдері Ирактың солтүстігінде босқындарға арнап 6 ауданда лагерьлер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазір үкімет әскері АҚШ бастаған коалицияның қолдауымен «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырларын Кайярах қаласынан қуып шығу үшін соғысуда. Бұл шаһар Мосулдан 70 шақырым жерде орналасқан. Экстремистер ол жақтан маңызды құжаттар мен компьютерлерді шығара бастады. Айта кетейік, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Мосулды 2014 жылы басып алып, астанасы етіп жариялаған еді. Оны азат ету операциясы наурыз айында басталды.

Адриан Эдвардс, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі:

- Ирактағы босқындарға байланысты жағдай ушығып тұр. Мосулды азат ету операциясы басталғаннан бері 210 мыңнан астам тұрғын үйлерінен безіп кетті. Ал алдыңғы жылдың қаңтарынан бері 3 жарым миллион Ирак азаматы босқынға айналған. 

Хабар 24 телеарнасы