388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италиядағы жер сілкінісінен екі адам қаза тапқан

  • 684

Италияның орталық бөлігіндегі жер сілкінісінен Аркуата-дель-Тронто қаласында екі адам көз жұмды.

Мұны жергілікті карабинерлер растады. Жер сілкінісінің эпиорталығы Л’Акуила қаласынан солтүстікке қарай 48 шақырым, ал Римнен солтүстік-шығысқа қарай 116 шақырым жерде болған. Ошағы – 10 шақырым тереңдікте.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, зілзаладан Аматриче қаласы қатты зардап шеккен. Шаһар мэрі қаланың жартысы қирағанын және үйінділер астында адамдар қалғанын мәлімдеді. Оған қоса мұнда лай көшкіні жүріп, бірнеше көпірдің құлауы мүмкін екендігі де хабарлануда, деп жазады RT.  

Дайындаған: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы