388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 84 адамға жетті

  • 927
Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 84 адамға жетті фото: Reuters

Италияның орталығында болған жойқын зілзаладан кем дегенде 84 адам қаза тапқан.

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Марке облысында 24 адам, ал Аматриче және Аккумоли қалаларында қаза тапқандар саны 60 адамға жетті. Сондай-ақ көптеген елді мекендерде құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Зілзала жұрт ұйықтап жатқан кезде, түнгі сағат 3 жарымда болған. Сілкіністің магнитудасы Рихтер бағамымен 6-ға жеткен. Түнде болған жер сілкінісі орталық Италиядағы күллі жұртты тік тұрғызды. Рим, Флоренция, Неаполь және Римини тұрғындарының дені көздерін аша салып, далаға тұра қашқан. Зілзала ошағы ірі елді мекендерден алыс болған. Алайда Риети провинциясындағы бірнеше шағын қала жермен-жексен болды. Ең ауыр зардап шеккен Аматриче, Аккумоли мен Пескара-дель-Тронто елді мекендері. Бұл шаһарларда шамамен 3 мың адам тұрады.

Хабар 24 телеарнасы