386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХОК президенті Головкинге олимпиадалық төсбелгіні сыйға тартты

  • 841
ХОК президенті Головкинге олимпиадалық төсбелгіні сыйға тартты фото: info-tses.kz

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге олимпиадалық ерекше төсбелгіні сыйлады.

Бұл туралы Prosportkz хабарлайды.

Вконтакте желісіндегі Головкиннің ресми парақшасы хабарлағандай, сыйлық бүгін, 24тамыз күні, Лос-Анджелестегі Big Bear жаттығу лагеріне жеткізілді.

Төсбелгі күмістен құйылған. Бетінде Олимпиада символы бес сақина және «Афина-2004» жазуы бар. Греция астанасында өткен Олимпиада ойындарында Головкин финалға дейін жетіп, күміс медальды қанжығаға байлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі күні Головкин Келл Брукпен өтетін жекпе-жекке дайындық жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы