376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегия Ресеймен арадағы шекарасын қоршайды

  • 909

Норвегия Ресеймен арадағы шекарада темір қоршау тұрғызады.

Бұған мигранттар мәселесі түрткі болып отыр. Екі ел арасында жалғыз шекара бекеті бар. Енді биіктігі үш жарым метр дуал салынбақ. Жергілікті билік құрылысты қысқа дейін аяқтағысы келеді. Елдің Әділет министрі қоршау қауіпсіздікті күшейтіп, Шенген аймағына өткен тұлғалардың дұрыс тіркелуіне жағдай жасайды деп санайды. Былтыр Норвегияға Ресей аумағы арқылы 5,5 мыңнан астам мигрант өткен. Мәскеу мен Мурманск арқылы өтетін жолды «арктикалық бағдар» деген атау да қалыптасқан.

Хабар 24 телеарнасы