384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне дайындық шаралары өтіп жатыр

  • 575

Нью-Йоркте халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтуге дайындық жүріп жатыр.

Бұл қазақстандық тараптың бастамасы. Енді Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде қарусыздану мәселелері жөніндегі комитеттің және қауіпсіздік кеңесінің отырыстары өтеді. Бірақ халықаралық келісімдерге қарамастан, кейбір мемлекеттер ядролық қарудан бас тартқан жоқ. Сондықтан қазақстандық тараптың ұсынысымен Семей полигоны жабылған 29 тамыз халықаралық жаппай қырып-жою қаруларына қарсы іс-қимыл күні болып белгіленді. Атаулы датаға орай Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтері бір апта бойы келелі кеңестер өткізеді. Мамандар құрбандарға тағзым жасап, бейбітшіл бастама көтермек. Бұл жолғы шаралардың басты тақырыбы Семей полигонына арналады.

Дэрил Кимбалл, Қарусыздануды бақылау жөніндегі қауымдастықтың директоры:

- Жаппай қырып-жою қаруынан ең көп зардап шеккен Қазақстан мен Жапония осы конференцияның өтуіне атсалысты. Сондай-ақ олар қаруды қолданбау туралы келісімнің күшіне енуіне көп күш жұмсауда. Қауымдастық тарапынан біз де осы ұранға қосыламыз. Енді Біріккен Ұлттар ұйымы мен қауіпсіздік кеңесі алдағы қыркүйек-қазан айларында осы мәселені күн тәртібіне шығарса деймін.

Хабар 24 телеарнасы