384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда браконьерлер ұсталды

  • 664

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері табиғат қаскөйлері 34 марал мен еліктің көзін жойыпты.

Бұл туралы облыстық аң аулау инспекциясының өкілдері мәлімдеді. Жуырда ғана аймақтық инспекторлар жергілікті жұрттың хабарлауымен, ұйымдасқан браконьерлерді қолға түсірді. Зайсан ауданы Жарсу ауылының бірнеше тұрғыны мінген көліктен екі маралдың еті табылды. Бұлтартпас дәйектермен қолға түскен күдіктілерден 370 келі ет тәркіленді. Енді олар 1,5 миллион теңге айыппұл төлеп, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әсет Сауырбаев, облыстық «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің аға инспекторы:

- Сол жерде бұларды тәркілеп,сол жердегі Зайсан ауданы ІІБ апарып тапсырдық,қазіргі кезде аң ауламайтын маусым,сол кезде де олар аң аулап жүр.Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Хабар 24 телеарнасы