386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда құны 678 млн теңгені құраған жаңа балабақша пайдалануға берілді

  • 858

Көкшетауда жаңа балабақша ашылды.

Ғимарат «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Оның құрылысына ел қазынасынан 678 млн теңге жұмсалыпты. Балабақшаның ашылуымен 80 адам жұмыспен қамтылып отыр. «Көктем» ықшам ауданында бой көтерген мектепке дейінгі мекемеде енді 280 бала тәлім-тәрбие алады. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері Көкшетауда 6 балабақша пайдалануға берілген. Күзге қарай тағы бір бөбекжай ашылады деп күтілуде. Ал қаладағы балғындарды балабақшамен қамту көрсеткіші қазір 83 пайызды құрайды.

Гаухар Әбдірахманова, қала тұрғыны:

- Баламыз осы үйіміздің жанынан ашылған жаңа «Көктем» садигіне келіп жатыр. Жанұямызбен қуанып жатырмыз. Біз баламыз дүниеге келгеннен бастап, кезекте тұрғанбыз. Балабақша өте кең екен, жарық. Бізге өте ұнады. Бұйыртса, екінші кішкентайымызды да осы балабақшаға беруді ойлап отырмыз.

Гүлнәр Ысқақова, балабақша меңгерушісі:

- Жұмысқа алынған 80 қызметкердің 37-сі бала тәрбиесімен айналысатын педагог мамандар. Бүгінгі таңда біздің балабақша барлық қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Қазір 180 бала бөбекжай табалдырығын аттап отыр. Алдағы уақытта тағы 100 бүлдіршінді қабылдаймыз

Хабар 24 телеарнасы